Өткен тәулікте елімізде белгіленбеген жерлерде шомылған 4 адам суға батып кетті

453

Еліміздің су айдындарында бір тәулікте Астана қаласында, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында төрт адам суға батып кетті.  

Өткен тәулікте елімізде белгіленбеген жерлерде шомылған 4 адам суға батып кетті Фото: aikyn.kz

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

6 маусымда Қарағанды облысының су айдындарында адам өлімінің 2 жағдайы тіркелді.

Сағат 17:30-да Қарағанды қаласы Федоров су қоймасында ТЖД күштері судан 2004 жылы туған жас жігіттің мәйітін алып шықты, ол сағат 16: 55-те шомылуға жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті. Демалыста достарымен бірге болған.

20:17-де Жезқазған Кеңгір су қоймасында куәгерлер судан 2005 жылы туған ер адамның денесін алып шықты, ол рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде суға батып кетті.

Сағат 17: 46-да Астана қаласы  Есіл өзенінде, ТЖД күшімен Өзбекстан Республикасының азаматы, 1990 жылы туған ер адамның денесі судан шығарылды, ол шомылуға жабдықталмаған жерде шомылу кезінде сағат 15:52-де батып кеткен, ағасымен бірге болған.

21:07-де Ақтөбе облысында Қарғала өзенінде ТЖД күштерімен судан 2004 және 2003 ж. т., олар ер адамдардың денелері шығарылған, Олар жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті, жағадан заттары табылған.

Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері атқарушы органдармен бірлесіп өзендер, көлдер мен су айдындары маңындағы аумақтарға патрульдеу жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу