Өткен тәулікте Қазақстанда 447 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 447 жағдайы тіркелген. Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандар саны 988 313 жетті.
Сондай-ақ 562 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 960 773 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 млн 990 мың 965 адам, екінші компонентін 8 млн 521 мың 29 адам салдырды.
Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 348 мың 906 адам, екінші дозасын 143 мың 54 адам алған. Оның ішінде:
Бірінші компонентін:
Жасөспірімдер – 280 784,
Жүкті әйелдер – 19 841,
Бала емізетін әйелдер – 48 261.
Екінші компанентін:
Жасөспірімдер – 115 872,
Жүкті әйелдер – 7 630,
Бала емізетін әйелдер – 19 547.