Өткен тәулікте қанша адамнан СОVID-19 анықталды

1428

Бүгінде 25 мыңға жуық науқас аурудан емделіп жатыр. 

Өткен тәулікте қанша адамнан СОVID-19 анықталды

Өткен тәулікте елімізде 1 319 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, өткен тәулікте СОVID-19-ды жұқтырудың 1 319 дерегі тіркелген. Пандемия басталғалы бері 391 695 адам коронавирус жұқтырған.

Қазақстанда 1586 науқас СОVID-19-дан айықты. Жалпы елімізде 363 604 адам аурудан жазылды. 

4 маусымдағы мәлімет бойынша 24 797 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 9 208 пациент стационарда, 15 589 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 572 адамның жағдайы ауыр, 124 пациенттің жағдайы өте ауыр, 75 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы;

"Сары аймақта": Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары;

"Жасыл аймақта": Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу