Өткен тәулікте қар құрсауынан 87 адам құтқарылды – ТЖМ

154

Олардың арасында шетел азаматтары мен көмекке шыққан медицина қызметкерлері де бар.  

Өткен тәулікте қар құрсауынан 87 адам құтқарылды – ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 87 адамды құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 6 бала бар, одан бөлек қарға тығылған 10 автомашина шығарылды.

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.

Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:

  • Қарағанды облысында түнде тас жолда Өзбекстан Республикасының 3 азаматы құтқарылды

Түнгі уақытта "Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы" республикалық маңызы бар автожолының 948-шақырымында жеңіл автокөлік жол жиегіне шығып кеткен. Автокөлік ішінде Өзбекстан Республикасының үш азаматы болған. Құтқарушылар оларды эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізді. ТЖМ қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен жолдан шығып кеткен көлік жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды.

  • Ұлытау облысында ТЖМ құтқарушылары 8 адам мінген автокөлікті шығарды

"Ұлытау-Жезқазған" тас жолында Ұлытау ауылынан 35 шақырым қашықтықта жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды. Көлік ішінде өздігінен шыға алмаған 8 адам болды. Көмекке дереу құтқарушылар келді. ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби әрекеттерінің арқасында көлік құралы қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Жолаушылар өз жолдарын жалғастыра алды.

  • Ақмола облысында құтқарушылар адамдарды қар құрсауынан құтқарды

Целиноград ауданы Ы. Алтынсарин ауылының маңында ТЖМ күштерімен адамдарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөліктен екі адамды эвакуациялап, оларды жақын маңдағы полиция бекетіне жеткізді. Құтқарылған адамдар медициналық көмекке мұқтаж емес.

  • Алматы облысында құтқарушылар жедел жәрдем көлігін батпақтан алып шықты

Қопа ауылының маңында науқасқа асыққан дәрігерлердің жолын батпақ бөгеп, жедел жәрдем көлігі батып қалған. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде көмекке жетті. Олардың үйлесімді әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында жедел жәрдем көлігі тазартылған және қауіпсіз жол бөлігіне шығарылып, медицина қызметкерлерінің науқасқа апаратын жолын жалғастыруын қамтамасыз етті.

  • Ақтөбе облысында құтқарушылар шұғыл тасымалдау жұмыстарын жүргізді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста жолдар жабылды. Осыған орай құтқарушылар жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен "Ақтөбе – Бестамақ – Алға" бағыты бойынша азаматтарды қауіпсіз жеткізу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында 45 адам тасымалданды. Оның ішінде Бестамақ елді мекеніне 31 адам, ал 14 адам Алға қаласына жеткізілді.

Хромтау ауданының Аққұдық ауылынан 15 шақырым қашықтықта екі жеңіл автокөлік қар құрсауы салдарынан жолда тұрып қалды. Қатты боран жолды жауып, жүргізушілердің әрі қарай қозғалуына мүмкіндік бермеді. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде көмекке шықты. Құтқарушылар өтімділігі жоғары техниканың көмегімен үш адамды эвакуациялады. ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында адамдар қысқа мерзім ішінде Хромтау қаласына жеткізілді.

ТЖМ құтқарушылары Алғa ауданында қар құрсауынан 11 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Эвакуация арнайы  өтімділігі жоғары техниканың көмегімен, сәтті аяқталды. Барлық эвакуацияланғандар Есет батыр ауылына жеткізілді.

  • Қостанай облысында құтқарушылар жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары сәтті аяқтады

Октябрьское ауылынан 5-шақырымында "Астана-Қостанай" республикалық маңызы бар тас жолында микроавтобус істен шығып жолда қалып қойған. Көлік ішінде 13 адамды болды. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде көмекке келді. Құтқару операциясына жергілікті тұрғын да қосылды. Бірлескен жұмыстардың арқасында 13 жолаушы Тобыл қаласына эвакуацияланды.

Амангелді ауданында жоғалған 1985 жылы туған екі ер адамды іздестіру аяқталды. 9 ақпан күні сағат 12:00 шамасында екі азамат Амангелді ауылынан Шөптікөл ауылына қарай мал іздеу үшін жеңіл автокөлікпен "Мұқыр" қыстағына шықты. Біраз уақыттан кейін олармен байланыс үзілді, ұялы телефондар желі аймағынан тыс жерде болды. Іздестіру жұмыстарына жедел түрде ТЖД, полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жіберілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу