Атап айтқанда, 22 наурызда сағат 01.23-те Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы елордаға жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 2 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
22 наурызда Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл аудандарында ТЖД күштері автожолдарда қар құрсауында қалған автомобильдерден 32 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.
22 наурызда сағат 14.30-да Қарқаралы ауданында "Қарағанды – Аягөз-Бұғаз" автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған "Тоyоtа Carina" автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді.
22 наурызда түнгі 22-10 Ақтоғай ауданында "Ақой-Ақтоғай-Балқаш" автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және "Берер" ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды.