Өткен тәулікте коронавирус мыңнан астам адамнан анықталды

607

2021 жылдың 17 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

Өткен тәулікте коронавирус мыңнан астам адамнан анықталды Фото: Максим Морозов

17 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 632 адам короновирус инфекциясынан (15 820 КВИ+ және 3 812 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 370 пациент стационарда, 14 262 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды  inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 237 адамның жағдайы ауыр, 56 пациенттің жағдайы өте ауыр, 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Ал өткен тәулікте тіркелген 1082 адаммен қосқанда, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 226767-ге жетті. Олардың 208074-і жазылған. 2873 адам қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу