Өткен тәулікте 1134 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 198, Алматы қаласында – 112, Шымкент қаласында – 10, Ақмола облысында – 108, Ақтөбе облысында – 18, Алматы облысында – 92, Атырау облысында – 74, Шығыс Қазақстан облысында – 43, Жамбыл облысында – 21, Батыс Қазақстан облысында – 45, Қарағанды облысында – 72, Қостанай облысында – 68, Қызылорда облысында – 7, Маңғыстау облысында – 17. Павлодар облысында – 151, Солтүстік Қазақстан облысында – 76, Түркістан облысында 22 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.
Осылайша, елде вирустың алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 171232 адам коронавирусқа шалдыққан.