Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатарына 766 адам қосылды

793

Қазақстандағы коронавирус бойынша 12 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатарына 766 адам қосылды

Қазақстанда өткен тәулікте 766 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Елордада 114 адамнан індет анықталды. Жұқтырғандар санының артуын кеше: "Қазір қала "сары аймақта" орналасқанына қарамастан сырқаттанушылық санының өсуі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамауына байланысты",– деп түсіндірген болатын қаланың бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова.

Тағы бір мегаполис – Алматы қаласында 111 жағдай тіркелді, ал Шымкент қаласында – 11.

Өзге де өңірлер: Ақмола облысында – 63, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 61, Атырау облысында – 73, Шығыс Қазақстан облысында – 37, Жамбыл облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 43, Қарағанды облысында – 39, Қостанай облысында – 75, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 15, Павлодар облысында – 48, Солтүстік Қазақстан облысында – 54, Түркістан облысында – 8.

Елде індеттің алғашқы жағдай тіркелгелі бері 164 477 адам вирус жұқтырған. Олардың 150427-сі жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу