Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Ең көп жағдай Нұр-Сұлтанда тіркелді – 106, одан кейінгі орында Алматы қаласы – 80 адамнан вирус анықталған.
Солтүстік өңірлерде жұқтыру көрсеткіші алдыңғы апталармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Қостанай облысында – 65, Солтүстік Қазақстан облысында – 62, Павлодар облысында 68 адам тіркелді.
Өзге де аймақтар: Шымкент қаласында – 5, Ақмола облысында – 56, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 40, Атырау облысында – 62, Шығыс Қазақстан облысында – 75, Жамбыл облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 45, Қарағанды облысында – 34, Қызылорда облысында – 4, Маңғыстау облысында – 17, Түркістан облысында 5 адам ауырғаны белгілі болды.
Елде коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелгелі бері жалпы 147975 адам вирус жұқтырған.