Өткен тәулікте коронавируспен 857 адам тіркелді

1134

ДСМ-ның 2021 жылдың 5 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Өткен тәулікте коронавируспен 857 адам тіркелді

Елімізде 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 506 пациент стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда,деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ-ның баспасөз қызметіне сілтемемен.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 226 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр, 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте тағы 857 адамнан коронавирус анықталды, ал 840 адам жазылып шыққан. Осылайша елімізде індет тіркелгеннен бері COVID-19 жұқтырғандар саны 216467-ге жеткен. Ал олардың 200440-ы жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу