Өткен тәулікте коронавирусты 712 адам жұқтырғаны расталды

564

Қазақстандағы коронавирус бойынша 6 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Өткен тәулікте коронавирусты 712 адам жұқтырғаны расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 712 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды шұғыл штаб.

712 адамның 67-сі Нұр-Сұлтан, тағы 67 адам Алматы қаласында тіркелді.

Өңірлер арасында Шымкент қаласы мен Қызылорда өңірінде 2 адамнан, яғни төрт жағдай анықталды.

Ақмола облысында – 60, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында – 28, Атырау облысында – 29, Шығыс Қазақстан облысында – 100, Жамбыл облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында – 43, Қарағанды облысында – 28, Қостанай облысында – 77, Маңғыстау облысында – 5, Павлодар облысында – 106, Солтүстік Қазақстан облысында – 68, Түркістан облысында 4 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері оны жұқтырғандардың жалпы саны 136983-ге жетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу