Өткен тәулікте коронавирустың 723 жағдайы тіркелді

795

Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Өткен тәулікте коронавирустың 723 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте 723 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Олардың ішінде 68-і Нұр-Сұлтан қаласында, 92-сі Алматы қаласы, ал 6 адам Шымкентте тікелген.

Үш мегаполистен бөлек Ақмола облысында – 59, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 39, Атырау облысында – 149, Шығыс Қазақстан облысында – 47, Жамбыл облысында 9 жағдай тіркелді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында 45 адамнан вирус анықталса, Қарағанды облысында – 26, Қостанай облысында – 57, Қызылорда облысында 6 жағдай тіркеліпті. Маңғыстау облысында – 11, Павлодар облысында – 40, Солтүстік Қазақстан облысында – 57, Түркістан облысында 8 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 158302 адам ауырыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу