Өткен тәулікте Маңғыстау облыстық ауруханасынан 500-ге жуық адам эвакуацияланды

359

Бүгінгі таңда медициналық мекеме штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Өткен тәулікте Маңғыстау облыстық ауруханасынан 500-ге жуық адам эвакуацияланды Фото: pixabay.com

Өткен тәулікте Маңғыстау облыстық ауруханасынан 500-ге жуық адам эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Маңғыстау облыстық ауруханасында түтін шыққаны туралы ақпарат түскен. Төтенше жағдай департментінің күштері мен құралдары шақырудың 3 дәрежесі бойынша жіберілді.

“Оқиға орнына келгеннен кейін алты қабатты ғимараттың үшінгі қабатында урология бөлімшесіндегі шаруашылық бикесі бөлмесінің желдету каналында жану ошағы табылды. 470 адам эвакуацияланды, оның департамент күшімен 150 адам. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелген жоқ”, - делінген хабарламада.

Бықсу учаскелері сағат 23:31-де жойылды. 

Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу