Өткен тәулікте менингит дертімен тіркелгендер жоқ - Жандарбек Бекшин

751

Өткен тәулікте менингит дертімен тіркелгендер жоқ - Жандарбек Бекшин

Өткен тәулікте менингит дертімен бірде-бір адам тіркелген жоқ. Дегенмен инфекция жұқтырды деген күдікке алынған 20 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың 13-і – Алматы қаласынан. Ал Алматы облысы бойынша - 3 адам, Астана қаласында 3 адам бақылауға алынды. Сондай-ақ Қарағанды облысынан бір науқас тіркелді.

Жалпы жағдай тұрақты. Қазір құзырлы органдар індеттің алдын алу және сақтану жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатырмыз. Аймақтарда жедел желі жұмыс істеп тұр. Соңғы бірнеше тәулік ішінде 3 мыңнан астам қоңырау қабылданып, барлығына тиісті кеңес берілді. Бұл жұмыс дерттің таралуын тежеуге үлкен септігін тигізеді деген сенімдеміз", - дейді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу