Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлады ДСМ.
1 тамыздан бері осы аурумен 8 054 адам тіркеліп, оның 86-сы қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік деректер және оң ПТР-тесті бар коронавирустық инфекциядан ауырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны, сондай-ақ теріс ПТР-тесті бар КВИ туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда күнделікті форматта жарияланатынын хабарлайды. Өңірлер бойынша ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің брифингтері барысында апта сайынғы негізде ұсынылатын болады.