Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 186 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шықты, деп хабарлады шұғыл штаб.
Штаб статистикасына сүйенсек, 1 тамыздан бері осы ауруға шалдыққан 36567 адам тіркеліпті, оның 28390-ы жазылып шыққан. 391 адам көз жұмған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу