Өткен тәулікте пневмониямен ауырған науқастар саны күрт өсті

1015

Депутаттар пневмококқа қарсы шұғыл екпе жасауды сұрады.

Өткен тәулікте пневмониямен ауырған  науқастар саны күрт өсті

Елімізде коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте бірден 408 адамнан анықталып отыр. Ал осындан бір күн бұрын олардың саны небәрі 8 адам болатын. Осылайша,  республика аумағында пневмонияға шалдыққандар  30 мыңға жетіп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ 15 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 64 науқас тіркелді. Аймақтар бойынша қатерлі індет ең көбі Шығыс Қазақстан облысында  анықталды. Ел бойынша Ковид-19-бен ауырғандар саны 107 мың адамға жуықтады. Жазылғандар саны болса, 101 мыңнан асты.

Зағипа Балиева бастаған бірнеше мәжіліс депутаты халыққа шұғыл түрде пневмокок инфекциясына қарсы вакцина егу қажет дейді. Зағипа Балиева пневмония инфекцияларының арасында қазір бүкіл әлем болып күресіп жүрген Ковид-тен аурудың 4,5 пайызы ғана тарайды, қалған 95 пайызы осы пневмококтан таралады деп отыр. Өйткені ол ауа арқылы жұғып, жұтқыншаққа өтеді. Оған қарсы екпені 65 жастан жоғары егде адамдарға салу қажет. Ал 19-дан жоғары жастағыларға диабет, созылмалы кеуде, бүйрек, бауыр аурулары болғанда егу қажет. Депуттаттар сауалды Асқар Маминнің атына жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу