Өткен тәулікте Тайваньға Қытай армиясының 23 ұшағы мен 4 кемесі жақындады

379

Тайвань Қорғаныс министрлігі өткен тәулікте аралға Қытай Халық-азаттық армиясының (ҚХАА) 23 әскери ұшақ пен ұшқышсыз ұшағы, 4 кемесінің жақындағанын тіркеді. 

Өткен тәулікте Тайваньға Қытай армиясының 23 ұшағы мен 4 кемесі жақындады Фото: img.tsargrad.tv

Бұл туралы inbusiness.kz Тайвань қорғаныс ведомствосының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ҚХАА Су-30, J-16 мен J-11 жойғыштарын, Y-8 сүңгуір қайыққа қарсы ұшағын, сондай-ақ электронды барлауға арналған Y-8 моделін пайдаланды. Тайвань әскерилері аралға BZK-005 ұшқышсыз ұшағы мен KJ-500 ұзақ қашықтыққа радиолокациялық анықтау мен басқару ұшағы да жақындағанын айтады.

Тайвань Қарулы Күштері ҚХАА ұшақтарын бақылау үшін кемелерді, әскери авиацияны, сондай-ақ зениттік зымыран кешендерін орналастырды.

Дүйсенбіде АҚШ-тың Punchbowl News интернет-басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Пентагон АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккартидің осы көктемде Тайваньға бару мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу