Шұғыл штаб өткен тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Олардың 160-ы ШҚО-дан, ал 112 жағдай Павлодар облысында, тағы 112 адам СҚО-дан тіркелген.
Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында – 50, Алматы қаласында – 43, Шымкент қаласында 3 адамның індет жұқтырғаны расталды.
Ақмола облысында – 69, Ақтөбе облысында – 6, Алматы облысында – 22, Атырау облысында – 8, Жамбыл облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында – 29, Қарағанды облысында – 18, Қостанай облысында – 66, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Түркістан облысында 5 жағдай анықталып отыр.
Елге індет келгелі аталған жұқпалы дертті 127580 адам жұқтырыпты.