Өткен тәулікте жолда қалған мыңға жуық адам құтқарылды

810

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 дауылды ескерту жарияланды.  

Өткен тәулікте жолда қалған мыңға жуық адам құтқарылды

"Республиканың автожолдарында барлығы 950 адам құтқарылды,оның 63-і бала. Жылыту пункттеріне 554 адам жеткізілді, оның ішінде 30-ы – бала. Қар үйінділерінен автожолдардың тазартылған учаскелеріне 211 автокөлік шығарылды",– делінген Polisia.kz хабарламасында.

Айта кетсек, кеше күн бұзылып, боран соғуына байланысты 7 облыста автокөліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдардың 53 учаскесінде және 5 облыстағы облыстық маңызы бар автожолдардың 129 учаскесінде қозғалыс шектелген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу