Өткен жексенбіде еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды

404

Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында жазды. 

Өткен жексенбіде еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды Фото: Life09

Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды.

Үміткерлердің 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы өзін-өзі ұсынушылар.

Сондай-ақ сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармаған. Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз.

Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама "жасарды". Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды.

Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.

2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады.

Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды, деп жазды Ерлан Қарин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу