Өткен жыл табысты болды – АШМ

736

Шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасау тұрғысынан қандай келісімдер жасалды?

Өткен жыл табысты болды – АШМ

Өткен жыл инвестиция тарту, сондай-ақ шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасау тұрғысынан өте табысты болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі осылай хабарлайды.

Мысалы былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ГФР-на ресми сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен мәлімдемеге қол қойылған.

Сондай-ақ,ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында америкалық агробизнестің көшбасшылары Tyson Foods және Valmont Industries Қазақстандағы етті қайта өңдеу және суару жүйелерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарды ашуға бағытталған маңызды келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар ведомство ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың Аргентина, Грузия, Германия, Иран, ҚХР, Эстония мемлекеттерінің тиісті министрліктері мен құрылымдарының басшыларымен АӨК саласындағы даму және ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар меморандумға және келісімге қол қойғанын алға тартады.

"Ауғанстан, Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Түркия, Сауд Арабия Үкімет мүшелерімен, SALIC және United Green ірі инвестициялық компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізілді",– деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өткен жылы Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрімен де ынтымақтастықты жандандыру бойынша Жол картасына қол қойылған. Lactalis және Danone француз компанияларымен стратегиялық серіктестік және "Шаруаларға арналған мектеп" құру туралы келісімге қол жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу