Өткен 10 айда еліміздің сыртқы тауар айналымы 34,1 пайызға артты

443

Былтыр еліміздің сыртқы тауар айналымы 34,1 пайызға ұлғайып, 110,6 млрд долларды құрады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Серік Жұманғарин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Өткен 10 айда еліміздің сыртқы тауар айналымы 34,1 пайызға артты Фото: primeminister.kz

Серік Жұманғариннің сөзінше, министрлік 7 негізгі бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Оның біріншісі – сыртқы сауда және интеграция.

"2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1 пайызға ұлғайып, 110,6 млрд долларды құрады. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауар айналымы 23 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңінен 7,5 пайызға артық.

Еуразиялық экономикалық одақтың 80-нен астам актісі қабылданды. Тағы 14 қызмет секторы бірыңғай нарық форматына ауыстырылды. Жалпы бүгінгі таңда 69 сектор бар. Кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлмеу мүмкіндігі мақұлданды. Үнемдеу болжамы – 100 млн доллардан астам", - деді ол.

Ведомство басшысы халықаралық сауданы одан әрі дамытуға бағытталған маңызды құжаттар қабылданғанын тілге тиек етті.

"Екінші – бір жыл ішінде серіктес елдермен қойылған 6 кедергі жойылды. Экспорттық өсім болжамы – 500 млн доллардан астам. Биыл 8 кедергіні алу жоспарланып отыр. Олардың өсім болжамы – 800 млн доллар. Тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау үшін демпингке қарсы және арнайы қорғау шаралары қолданылады", - деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу