Өткен жылдың басынан 17 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

448

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.  

Өткен жылдың басынан 17 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды Фото: Opennews.kz

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылдың басынан бастап агенттік екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері лауазымына 13 кандидатты келісуден бас тартты.

Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте өткен жылдың басынан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатқа келісім бермеді.

Сақтандыру секторында 26 ұйым бар. Былтыр уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына 11 кандидатты келісуден бас тартқан.

"Микрокредит беру секторында 252 микроқаржы ұйымының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды",- делінген құжатта.

Сонымен қатар отандық заңнамада агенттіктің қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды есепке алу мүмкіндігі көзделмеген.

"Осыған байланысты өзге қаржы ұйымдарында олардың басшылық лауазымға орналасуына жол бермеу мақсатында осы адамдардың есебін жүргізу және бақылау жүргізу ұсынылады. Сәйкесінше уәкілетті орган жауапсыз адамдардың қаржы секторындағы лауазымдарға орналасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай алады", - делінген жария талқыға ұсынылған құжатта.

Құжатты көпшілік талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу