2016 жылдың қорытындысы бойынша теңге нақты көрсетуде 6,1%-ға нығайды (нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 37 елдің валюталарына қатысты өзгеруі), ал 2014 жылдың басы – 2016 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде әлсіреу 21,0%-ды құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк.
2016 жылы теңгенің Ресей рубліне қатысты нақты көрсетуде (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне түзетілген) әлсіреуі 8,3% болды, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 10,1% болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу