Өткен жылдың салығын қашан төлеу керек?

1068

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2020 жылғы мүлік салығынан 2021 жылғы 1 қазанға дейін құтылу қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен жылдың салығын қашан төлеу керек?

Естеріңізге салайық, жыл басынан бастап жер мен мүлік салығы бірыңғай мүлік салығына біріктірілді. Төлем жер кадастрының және ҚР жылжымайтын мүлік тіркелімінің дерекқорын пайдалану арқылы есептеледі. 

Салық мөлшерін коммуналдық қызмет түбіртегінен, E-salyq Azamat мобильді қосымшасының "алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады. Электронды қызметті пайдалану үшін ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуге тиіс. 

Салықты www.kgd.gov.kz, eGov.kz сайттары арқылы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Коммуналдық қызмет ақысын екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде қолма-қол ақшамен, сонымен қатар пошта, төлем терминалы және мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу