Өткен жылдың соңғы тоқсанында 200 мың адам жұмыстан кеткен

1036

Өткен жылдың соңғы тоқсанында 200 мың адам жұмыстан кеткен

2017 жылдың төртінші тоқсанында түрлі себептерге байланысты 200 мың адам жұмыссыз қалды, деп хабарлайды abctv.kz.
ҚР ҰЭМ статистика комитетінің ақпараты бойынша, олардың 77,4% - тұрақтамау себебімен, 6,8% - қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты, 15,8% - басқа себептермен жұмыстан кеткен.
2017 жылдың төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға, ұйымдарға 189,5 мың адам жұмысқа қабылданып, тоқсан соңына қарай ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар 27,3 мың бос орын барын хабарлаған.
Өткен жылдың төртінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті - 6,9%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 5,7% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 94,8% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу