Өткен жылғы наурыздан бері халық саны 1,3 пайыз өсті

909

2020 жылғы қаңтар-ақпандағы демографиялық ахуал.

 Өткен жылғы наурыздан бері халық саны 1,3 пайыз өсті Фото: Серікжан Қобыланбаев

2020 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18671,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар саны – 10932,3 мың (58,5%), ал ауылда 7739,6 мың адам (41,5%) тұрып жатыр.

ҰЭМ статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өскен.

"Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (65,6 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (58,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) қалыптасты",– деп хабарлайды статистика комитеті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу