Өткен жылы 1,5 млн-ға жуық көлік тіркеуге қойылған

998

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға жоғары. Ал электрокөліктерге сұраныс азайған. 

Өткен жылы 1,5 млн-ға жуық көлік тіркеуге қойылған

2019 жылы құзырлы органдар 1 492 114  автокөлікті тіркеуге алған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12,2%  көп. Бұл туралы "КазАвтоӨнеркәсіп" авто көлік саласы кәсіпорындарының Одағы хабарлады. 

Оның ішінде 1 385 356 данасы екінші рет тіркелген. Бұл да 2018 жылмен салыстырғанда 11,2% жоғары. Ал 106 758 автокөлік бірінші рет тіркелген.  2018 жылғы көрсеткіштен 27% жоғары. 

2019 жылдың соңғы айында 129 130 автокөлік тіркелген, оның 115 679 екінші нарықта қайта сатылғандар. 

Қазақстанда электрокөліктерге сұраныс 1,7 есеге азайған. Өткен жылдың 12 айында 33-ақ электр қуатымен жүретін көлік тіркелген. 2018 жылы осындай 56 темір тұлпар тіркелген еді. 

Қайта тіркелген көліктердің  "жасы" 69,1% 10 жылдан асып кеткен. Ал  41,6% немесе  575 974 данасы Қазақстан жолдарында жүргеніне 20 жылдан асқан. 1 жылдан асқандары барлық көліктің  0,8% ғана немесе 10 636 дана. 

Алматы облысында – 210 898 дана, Алматы қаласында – 174 371 дана, Түркістан облысында 127 384 дана  көлік  тіркелген.  Бұл өңірлер басқа облыстарға қарағанда темір тұлпар тізгіндеу бойынша көш басында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу