Өткен жылы 15,8 млрд теңге игерілмеген – Ерұлан Жамаубаев

1089

Оған өнім берушілердің шарт талаптарын бұзу, төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау себеп болған.

Өткен жылы 15,8 млрд теңге игерілмеген – Ерұлан Жамаубаев

2020 жылы 15,8 млрд теңге игерілмеген. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ведомство басшысы өткен жылы мемлекеттік бюджетке 9 тлрн 751 млрд теңге кіріс түскенін жеткізді. 2019 жылмен салыстырғанда кіріс 62,7 млрд теңгеге өскен.

"Жергілікті бюджетке жоспарланған 2 трлн 955 млн теңгенің орнына 3 трлн 191 млрд теңге түсті. Сондай-ақ былтыр республика бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге кіріс түсті. Кіріс бойынша жоспар 22 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 16 млрд теңгеге асыра орындалды", - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративті табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға салынатын экcпорттық кеден баж салығына тиесілі.

Ерұлан Жамаубаев бюджет шығысына тоқталды.

"Мемлекеттік бюджет шығысы 98,2%-ға, республикалық бюджет шығысы 98,3%-ға, жергіліктікті бюджет шығысы 99,1%-ға орындалды. Республикалық бюджет шығысы – 14 трлн 232 млрд теңге, атқарылмау сомасы – 241 млрд теңге, оның ішінде 224 млрд теңге үкімет резерві бойынша. Бұл үнемделген қаражат болып саналады", - деді ведомство басшысы.

Министр өткен жылы 15,8 млрд теңге игерілмегенін атап өтті.

"Оның негізгі себебі – өнім берушілердің шарт талаптарын бұзу, төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау және тағы басқа", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу