Өткен жылы 2,5 мыңнан астам алматылық тұрғын үймен қамтылды

961

Бұл мақсатта бірнеше мемлекеттік және қалалық тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылды.

Өткен жылы 2,5 мыңнан астам алматылық тұрғын үймен қамтылды

Мәселен, қала әкімі Бақытжан  Сағынтаевтың бастамасы бойынша қолға алынған "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жас отбасыларға 949 пәтер берілді. Бұл бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалар мен БАҚ-та жұмыс жасайтындар, сонымен қатар ЖОО мен ҒЗИ-ның қызметкерлері қатысты.

Бұған қоса "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша кезекте тұрған отбасыларға 432 пәтерді берілсе, 360 отбасы "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" арқылы жеңілдетілген несие шарттары бойынша баспаналы болды.

2020 жылы көпбалалы және толық емес отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар өкілдері "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 365 пәтер алды.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан 429 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері мен көп балалы отбасыларға бөлінді.

"Өткен жылы барлығы 2535 алматылық отбасы қол жетімді баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасады. Бағдарламалардың шарттары мен ағымдағы хабарландырулармен Алматы қаласы тұрғын үй саясаты департаментінің uzh-almaty.kz сайтында танысуға болады", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу