Өткен жылы 390 мың сәби дүниеге келді

1234

 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болды.   

Өткен жылы 390 мың сәби дүниеге келді Фото: freepik.com

Бұл жағдайда дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқара алды.

Медициналық авиация желісі бойынша 200 ұшу орындалды, 21 әйел жергілікті жерде операция жасалды, 190 әйел ауыр жағдайда облыстық, республикалық клиникаларға тасымалданды және құтқарылды;

  • Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында алғаш рет ана өлімі көрсеткішінің 32%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
  • Өткен жылы босандыру бойынша диагностика мен емдеудің 18 басым клиникалық хаттамасы бекітілді; босандыру қызметінің 2000-нан астам дәрігері және 3000 ОМҚ, 64 дәрігер Ыстамбұлда, 50 дәрігер Санкт-Петербургте оқытылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдан бастап 21 000 әйелге ЭКҰ өткізілді, нәтижесінде 8 000-нан астам әйел жүкті болып, 6 000-нан астам көптен күткен бала туды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу