Өткен жылы 4 мың жұмысшының жалақы қарызы өтелді

389

Оларға жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге еңбекақы төленді.  

Өткен жылы 4 мың жұмысшының жалақы қарызы өтелді Фото: inbusiness.kz

Былтыр прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 1,5 млрд теңге сомасына 68 кәсіпорындағы 4 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша борыштарды өтеуді қамтамасыз етті, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жалақы бойынша берешекті жедел өндіріп алу үшін деректер алмасу жолға қойылды, дебиторлармен жұмыс жүргізілуде және борышкерлердің мүлкін іздеу жүріп жатыр.

"Мысалы, "Тамыр" ЖШС компаниялар тобы 243 қызметкерге 60 млн теңге қарыз болған. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша кәсіпорынмен қарыздар толығымен төленіп, ал жұмыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған",- делінген хабарламада.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауы жеке бағыт болып табылады.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ең көп таралған бұзушылық отандық және шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеудің теңгерімсіздігі болып отыр.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 66 ұсыну енгізіліп, 228 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұдан басқа 72 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімдіктермен 266 рұқсат қайтарып алынды, 150 шетелдік азамат елден шығарылды.

"Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмайды. Прокурорлардың актілері бойынша 30 мың жұмысшыға жалақыға үстемеақы белгіленді, 600-ден астам қызметкерге өтемақы төленді, қорғау құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды, 22 бірлік жабдықтың жұмысы тоқтатылды. Әкімшілік жауаптылыққа 226 адам тартылды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу