2018 жылғы өз қызметінің қорытындысы бойынша "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ жақын және алыс шетелдерге 427,5 мың тонна астық және күнбағыс майын экспорттады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Күнгей Кавказ елдеріне – 158 мың тонна бидай, Орталық Азияға – 128,4 мың тонна бидай, Иранға – 110,6 мың тонна арпа, Қытайға – 30 мың тонна бидай және 0,4 мың тонна күнбағыс майы жөнелтілген.
Өткен жылғы экспорттың артуы маусым аралығында компанияның интервенциялық қорларынан астықты сатумен, сондай-ақ Түркменстан мен Күнгей Кавказ елдеріне бидай жеткізілімін қайта қалпына келтірумен байланысты болды.
Ал 2017 жылғы корпорация 120 мың тонна астық және майлы дақылдарды экспортқа жіберген еді.