Өткен жылы 54,8 мың жұп ажырасыпты

2533

Некесін бұзғандардың ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар облысында байқалды.

Өткен жылы 54,8 мың жұп ажырасыпты

2018 жылы елімізде АХАТ органдарына 137,8 мың неке тіркеліпті. 2017 жылмен салыстырғанда некеге тұрғандар саны 2,8% -ға азайған, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Өткен жылы 54,8 мың жұп ажырасыпты.

Жалпы өткен жылы ажырасқандардың 27,1 пайызын үйленгендеріне 5-9 жыл болғандар құрапты. Ал 23,5 пайызын жұп құрғанына 2-4 жыл болғандар, 7,5 пайызын неке қиғаннан кейін ұзамай екіге кеткендер құраған. Некесіне жыл толмай ажырасқандар үлесі – 5,3 пайыз.

Некесіне 10 жылдан асқан тұлғалар арасында ажырасудың жалпы деңгейі – 36,6%.

Некесін бұзғандардың ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар облысында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 4,19 есе, ал ең төменгі Түркістан облысында 1000 тұрғынға шаққанда 1,59 құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу