Өткен жылы Абай облысының 284 тұрғыны Ресейге көшіп кеткен

247

Бұдан басқа тұрғындар Германия, АҚШ сияқты елдерді де таңдаған. 

Өткен жылы Абай облысының 284 тұрғыны Ресейге көшіп кеткен Фото: aikyn.kz

2024 жылы Абай облысының 310 азаматы тұрақты тұру үшін басқа елдерге көшіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ең танымал бағыт Ресей болды, оған 284 адам аттанды. Германияға 15 азамат кетті, ал АҚШ облыстың 4 тұрғыны үшін жаңа мекенжайға айналды. Грекия, Италия, Қырғызстан және Францияға бір-бірден өтініш қабылданды. Сонымен қатар 3 адам Беларусь елінде тұрақты тұруды шешті", – делінген Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу