Өткен жылы айналымнан 6,4 миллион теңге жалған ақша алынған

1669

Жалған ақшалардың дені Алматыда жасалады.

Өткен жылы айналымнан 6,4 миллион теңге жалған ақша алынған Фото: kapital.kz

Өткен жылы Қазақстанда 6,4 млн теңге сомасында 1408 жалған банкнот жасалғаны анықталды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің ресми сауалға берген жауабына сүйенсек, олардың 386-сы банкнот, ал 22-сі монета болған. 2017 жылмен салыстырғанда жасанды ақшаның сомасы 26% -ға немесе 360 бірлікке азайды.

Ең көп жасалған банкноттар – 2 мың теңге – 709 дана, 10 мың теңге – 395 дана, 1 мың теңге – 100 дана.

Қадағалау органының мәліметтері бойынша, Алматы көшірме ақша жасауда алда тұр. Осы облыстан 967 дана жалған ақша шығарылған анықталды. Одан кейінгі орындарда – Астана – 120 дана, Шығыс Қазақстан облысы – 115 дана.

Сондай-ақ, Ұлттық банк жаңа дизайнда банкноттар шығару жоспарланбағанын растады.

Қазақстанда 2017 жылы айналымнан 2,5 мыңнан астам жалған ақша, сондай-ақ 500-ден астам шетелдік  банкнот тәркіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу