Өткен жылы Қазақстан мен АҚШ-тың сауда айналымы $1,6 млрд құрады, деп хабарлайды LS.
2017 жылы Қазақстан мен АҚШ-тың сауда айналымы $1,6 млрд құрады. 2016 жылмен салыстырғанда ($1,8 млрд) көрсеткіш 11,1%-ға аз болып отыр.
Өткен жылы еліміз АҚШ-қа $392,3 млн-ға шикізат пен тауар саудалаған. Соның ішінде ферроқорытпаның ($183,3 млн) үлесі басым. Одан кейінгі орында радиоктивті элементтер ($77,7 млн), сутек ($26,8 млн) пен тантал ($25,4 млн) тұр.
Импортқа келер болсақ, бұл елден $1,2 млрд-қа өнім жеткізілген. $85,9 млн-ға құс етін сатып алсақ, $81,2 млн-ға бұрғылау машиналарын, $56,6 млн-ға сорғы алынған. Бұдан өзге кран ($44,8 млн), автокөлік ($40,8 млн), катализаторлар ($38,1 млн) мен турбореактивтік қозғалтқыш ($35,2 млн) тасымалданған.