Өткен жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге түскен

370

Қаражат жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалған.

Өткен жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге түскен Фото: kz.kursiv.media

Былтыр ақылы жолдардан 87 млрд теңге кіріс түсті. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге кіріс түсті (2024 жылы – 48 млрд теңге). Бұл қаражат толықтай жолдарды күтіп-ұстауға бағытталды. Оның ішінде 1 мың 456 арнайы техника мен жабдықтар сатып алынды; 354 мың шаршы метр жол жабынына ағымдағы жөндеу жүргізілді; 340 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал себілді", – деді Дархан Иманашев.

Оның сөзінше, ақылы жол учаскелерінде қозғалыс қарқындылығы 20%-ға артқанына қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ға төмендеді.

"Қолайсыз ауа райы кезінде жедел шараларды қабылдау нәтижесінде эвакуацияланған азаматтар саны 3 есе қысқарды. 700 мыңнан астам автокөлікке колоннамен сүйемелдеу қызметі көрсетілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерінің бірі ретінде орташа жылдамдықты есептеу тетігі енгізілді", – деп атап өтті компания басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу