Өткен жылы Аралда 7,7 мың тонна балық ауланды

726

Бүгінде Кіші Арал теңізінде 19 түрлі су маржанының саны өсіп, тұрақты көбеюде.  

Өткен жылы Аралда 7,7 мың тонна балық ауланды Фото: gov.kz

Былтыр 7,7 мың тонна балық ауланып, одан 4534 тонна өнім өңделді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Арал дегенде ең бірінші балық еске түсетіні баршаға белгілі. Қазіргі таңда Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, ал кәсіпшілік мақсатында 17 түрлі су маржаны ауланады. Ауданымызда балық аулаумен қатар, одан өнім түрін көбейту жұмыстары да жолға қойылған. Атап айтқанда, жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты балықты қатыру, мұздату, ыстау сияқты өңдеумен айналысады. Ерекше айта кететін жайт, "Арал балық өңдеу зауыты" және "Арал сервистік дайындау орталығы" ЖШС-і Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін "Еврокод" белгісін алған болатын. Бұл ретте Арал теңізінің су маржандары бірқатар шет мемлекеттерге экспорттауға мол мүмкіндік алды", - деді аудан әкімі Серік Сермағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу