Жүк тиеу 254,8 млн тоннаны құрап, 2017 жыл деңгейінен 13 млн тоннаға артқан. Соның ішінде 170 млн тоннасы Қазақстан ішінде тасымалданса, 84,7 млн тоннадан астамы экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды "ҚТЖ – Жүк тасымалы" баспасөз қызметі.
Теміржолшылар әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалын толық көлемде қамтамасыз етті. Тас көмірдің 105 млн тоннасы тиелсе, бұл 2017 жылға қарағанда 3% жоғары болды. Ел ішінде 72 млн тонна қатты отын тиелген, бұл 2017 жылғыдан 4%-ға артық.
Астық тиеу 11,5 млн тоннаға жетіп, осылайша 2017 жылғы деңгейден 35%-ға көбейген. Соның ішінде экспот – 8,8 млн тоннаны құраған, яғни 2017 жыл көрсеткішпен салыстырғанда 52%-ға асып орындалған. Ұңтақ өнімдерінің 3,5 млн тоннасы тиелді, бұл 2017 жыл деңгейінен 3% көп.
Бұдан басқа, 2018 жылы негізгі барлық номенклатуралық жүктер бойынша өсім байқалды. Осылайша, темір рудасын тиеу 2017 жылғы деңгейден 8%, түрлі-түсті руда - 5%, құрылыс жүктері - 6% артты.