Өткен жылы Атыраудағы Өзбекстан азаматтары еліне 750 миллион теңге аударған

748

Өткен жылы  Атыраудағы Өзбекстан азаматтары еліне 750 миллион теңге аударған

Өткен жылы Өзбекстанға Атыраудан пошта арқылы 750 млн теңге аударылыпты, деп хабарлайды atr.kz.

Қазіргі халықаралық ахуал сырттан келгендерден қауіп бар екенін көрсетеді. Ал, облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының деректеріне сүйенсек, бүгінде Атырауда 3958 шетелдік тұрақты қоныстаныпты.

Тек өткен жылы ғана 404 сырттан келген азамат осындай есепке алынған. Сонымен қатар, былтыр аймаққа 52 мыңнан аса адам келген. Еңбек мигранттарына 28272 рұқсат қағаз беріліпті. Сондай-ақ, көші-қон заңдылықтарын бұзған бес мыңдай шетелдік әкімшілік шараға тартылған. Солардың бір мыңнан астамы елден шығарылған. Бұлардың бәрі "қонаққа келген" деген сылтаумен шекарадан бері өтіп, тұрақтап қалғандар. Оларды полиция күшімен тауып алғанша біраз уақыт өтеді. Көбіне жергілікті тұрғындардың өздері жасырады. Себебі, жұмысына жұмсап, шаруасын тындырады. Қолданыстағы заңдылықтарды сақтамаған келімсектерге 18 млн теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу