Өткен жылы ел бюджетіне салықтан түскен түсім 7,1 триллион теңгеден асты

1280

Өткен жылы ел бюджетіне салықтан түскен түсім 7,1 триллион теңгеден асты

2017 жылы республикалық бюджетке салық пен төлемнен түскен түсім 7,1 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды LS.

2016 жылмен салыстырғанда (6,4 трлн теңге) түсім көлемі 10,9 пайызға ұлғайған.

Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметі бойынша салықтың ең көп көлемі Алматы мен (1,7 трлн теңге) Астанадан (989,9 млрд теңге) және Атырау облысынан (1 трлн теңге) түскен.

Ақтөбе облысынан ел бюджетіне бір жылда 355,8 млрд теңге түссе, Қарағанды облысынан - 340,3 млрд теңге, ОҚО-дан  -  318 млрд теңге, ШҚО-дан - 312,5 млрд теңге, Алматы облысынан - 318,5 млрд теңге түскен.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында салық пен төлемнен түскен түсім 335,5 млрд теңгеге, Павлодар облысында - 239,4 млрд теңгеге, БҚО-да - 256,1 млрд теңгеге, Қостанай облысында 160 млрд теңгеге жеткен.

Ал Ақмола облысынан түскен қаражат көлемі 134 млрд теңгені құрады, Қызылода облысынан салықтан түскен түсім - 104,6 млрд теңгеге, Жамбыл облысы мен СҚО-дан түскен қаражат - 81,4 млрд және 79 млрд теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу