Өткен жылы елімізде 10 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді

476

2023 жылы бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірудің 2 мыңнан астам дерегі анықталған.

Өткен жылы елімізде 10 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді Фото: inbusiness.kz

Құқық бұзушылыққа  мүлдем  төзбеушілік бойынша алдын алу шаралары қалай іске асырылып жатыр? Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Былтыр ішкі істер органдары 10 млн 482 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 20%-ға артық. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасаудың 17 мың фактісі анықталды. Атап айтқанда, тыныштықты бұзу дерегі – 95 мың, қоғамдық орындарда қорлау – 75 мың, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде пайда болу – 187 мың, белгіленбеген жерлерде темекі шегу – 19 мың, жалпы пайдалану орындарының ластануы – 128 мың", - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ведомство өкілінің дерегінше, өткен жылы бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірудің 2 мыңнан астам дерегі анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу