Өткен жылы елімізде 2 мыңнан астам кәсіпкер табысын жасырған

155

Cалық төлеуден жалтарғандар жалған шот-фактуралар жасатқан.   

Өткен жылы елімізде 2 мыңнан астам кәсіпкер табысын жасырған Фото: glavkniga.ru

Оның жалпы сомасы – 300 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, компаниялар мен шаруа қожалықтары жұмысшылары мен техника санын азайтып көрсеткен. Кірісін шығысынан көп көрсеткендердің арасында ағылшын тілі курстарын сатқандар да бар. Олар небәрі 24 күнде 3,5 миллиард теңгеге сабақ өткіздік деп есеп тапсырған.

Осындай жағдайдан соң уәкілетті орган электоронды шот-фактураны қабылдамас бұрын, кәсіпкерлердің биометриялық деректерін сұратпақ. Жоба биылдан бастап пилоттық режимде жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу