Өткен жылы елімізде 20 мыңнан аса интернет-алаяқтық фактісі тіркелген

Мұндай қылмыстар саны 4%-ға азайды.  

Өткен жылы елімізде 20 мыңнан аса интернет-алаяқтық фактісі тіркелген Фото: egemen.kz

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Оразалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылы жалпы ел бойынша 20 444 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Интернет қылмыстың үштен бірі онлайн-сауда кезінде жасалынады. Әдетте, алаяқтар әлеуметтік желіде, белгілі бір сайттарда алдын ала жарнамаларын орналастырады. Мұндай жарнамалардан азаматтарымызға өте сақ болу керек", – деді спикер.

Оның дерегінше, интернет-алаяқтық қылмыстары Астана (4397), Алматы (2284), Қарағанды облысы (1786) көп тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу