Өткен жылы елімізде 209 адам ағзасын ауыстырған – ДСМ

640

Трансплантация жасататындар қатары жыл сайын артып келеді.    

Өткен жылы елімізде 209 адам ағзасын ауыстырған – ДСМ Фото: azattyq-ruhy.kz

2022 жылғы 11 айда 209 қазақстандық ағзасын ауыстырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Былтыр 11 айда 209 адам ағзасын ауыстырды (162 бүйрек, 40 бауыр, 4 жүрек, 3 өкпе). Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық (171 адам ағзасын ауыстырған)", - деді ведомство басшысы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққа науқастар үшін гамма-пышақ, радионуклидтік терапия, томотерапия сынды медицина қызметтеріне қолжетімділік артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу