Өткен жылы елімізде 22 тоннадан астам қауіпті өнім анықталған

698

Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі, яғни 66% -ы импорттық өнімге, ал 34%-ы отандық өнім өндірушілерге тиесілі.

Өткен жылы елімізде 22 тоннадан астам қауіпті өнім анықталған

Денсаулық сақтау минситрі 2018 жылы елімізде 22 тоннадан астам қауіпті өнім сатудан алынып, жойылғанын айтты, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан. 

"Өнімдердің қауіпсізідігі мониторингісінің қорытындысы бойынша, сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі, яғни 66% -ы импорттық өнімге , ал 34%-ы отандық өнім өндірушілерге тиесілі", – деді Елжан Біртанов үкімет отырысында. 

2018 жылы денсаулық сақтау министрлігі 70 мыңға жуық сынақ өнімді сараптаудан өткізген болатын, онда өндірушілердің таңбалау ережесін сақтамау сияқты ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес келмеу, қауіпсіздік көрсеткіштерінің сәйкессіздігі, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер боллы. 

"Сүт өнімдерінің 99 сынамасында өсімдік майының  және шұжық өнімдерінің 143 сынамасында шошқа ДНК-сының бары анықталды", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Министр мәліметінше, былтырғы жылы 22 тонна қауіпті өнім сатудан алынып, жойылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу