ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 703933 жеңіл автомобиль тіркелген.
2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 703933 жеңіл автокөлік тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 57,9% артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3851,6 мың бірлікті құрады.
12 айда 24342 адам зардап шеккен 17019 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,3%-ға азайған.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 23,5 млрд теңге сомасына 74199 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.