Өткен жылы елімізге 16 миллионға жуық шетелдік турист келген

131

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен жылы елімізге 16 миллионға жуық шетелдік турист келген Фото: canva

Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға артып келеді.

– 2025 жылы Қазақстан Республикасына 15,7 млн шетелдік азамат келді, делінген хабарламада.

Былтыр Қазақстанға келген туристер саны бойынша ТОП-10 ел:

1. Өзбекстан – 5 590 173 адам;

2. Қырғызстан – 3 545 701 адам;

3. Ресей Федерациясы – 3 502 093 адам;

4. Қытай – 968 838 адам;

5. Тәжікстан – 883 758 адам;

6. Беларусь – 167 116 адам;

7. Үндістан – 157 845 адам;

8. Түркия – 135 952 адам;

9. Әзербайжан – 96 834 адам;

10. Германия – 95 229 адам.

Елімізге келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді.

– Қазақстанға 2020 жылы – 2 млн, 2021 жылы – 1,3 млн, 2022 жылы – 4,7 млн, 2023 жылы – 9,2 млн, 2024 жылы – 15,2 млн, 2025 жылы – 15,7 млн шетелдік турист келді, – делінген ресми жауапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу